Skip to main content
ПРОЕКТ ВЫПУСКНИЦЫ ШКОЛЫ ПРАВ ЧЕЛОВЕКА

«Өзіңді қорғай біл»

«Адам құқықтары» мектебінің түлегі Әйгерім Ермекбай жақында әйел құқықтарын түсіндіретін заңгерлік нұсқаулық дайындады. Оның негізгі мақсаты – Қазақстан қоғамында әйелдер жиі тап болатын мәселелерді заң жүзінде қалай шешуге болатынын көрсету.
2020 жылы пандемия шектеулері кезінде елдегі тұрмыстағы зорлық-зомбылық көлемі шамамен екі еседей өсті. БҰҰ деректеріне сәйкес, зорлық-зомбылық салдарынан Қазақстанда жыл сайын 400-ге жуық әйел қайтыс болады. Бұл тек ресми мәлімет. Сарапшылардың пікірінше, отбасы ішінде болатын көптеген құқықбұзушылық ресми тіркелмейді.
Физикалық я психологиялық зорлық-зомбылықтан бөлек, қоғамда әйелдер қауымы кездесуі мүмкін көптеген мәселе бар. Әйгерім әрбір адам заңгер көмегіне жүгіне алмайтынын, ал көпшілікке арналған нұсқаулық түрлі мәселеге қысқа әрі нақты шешім ұсынатынын айтады. Мысалы, декреттік демалыстың төлемі қалай есептеледі және қандай жағдайда оны көбірек алуға болады? Ажырасу кезінде нені білген жөн және алиментті қалай өндіруге болады? Шұғыл жағдайларда керек болатын нөмірлер тізімі. Сондай-ақ автордың әлеуметтік желі парақшасына келіп түскен сұрақтардың жауабы берілген.
«Қазақстан – құқықтық мемлекет. Елімізде əрбір азаматымыздың құқығы қорғалуға тиіс. Заң – баршаға ортақ. Қазақ əйелдерінің заңдық тұрғыдан сауатты болуы – қоғамның маңызды талаптарының бірі», – дейді Әйгерім Ермекбай нұсқаулық кітапшасында.
Әйгерім Ермекбайдың заң саласында он төрт жылдан астам тәжірибесі бар. Қазіргі сәтте «AiLaw» заңгерлік компаниясың басшысы және Instagram парақшасында 40 мыңнан астам аудиторияға заң туралы қазақша контент жасайды. Сондай-ақ Әйгерім «Заңгерлік сауаттылық» курсын жүргізеді. Осыған дейін өзінің Youtube арнасында әйел құқығына қатысты бірнеше видео жариялаған еді.

Подписка на рассылку

Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

КОНТАКТЫ

050008, Алматы, Казахстан, оф. 728, пр. Абая, 52 В, бизнес-центр Bayzak

+7 776 577 2272 (звонки и WhatsApp) Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Мы в соц. сетях

© МИСК, 1998-2024. Все права защищены.