Евгений Хабаров
-
Евгений Хабаров – құқық қорғаушы, аймақтағы адам құқықтары мен бейресми білім беруді ілгерілетумен айналысып жүрген Павлодардағы Tauan қоғамдық қорының тең құрылтайшысы. 2025 жылы қор 22 іс-шара өткізді, олардың ішінде гендерлік теңдік жөніндегі тренингтер, әйел құқықтары туралы пікірталастар мен адам құқықтары бойынша білім беру бағдарламалары бар, барлығы 222 адам қамтылды. Белсенды қыз-жітіттер Human Rights Space Tauan алаңында 10 іс-шара ұйымдастырды.
Жылдың маңызды оқиғаларының бірі - қордың Tauan адам құқықтары курсының түлегі - суретші Денис Панихинмен бірлесе отырып жасалған ""Тыныштық үндері"" көрмесі болды. Өнер, дыбыс, мәтін және көрнекі бейнелер арқылы жоба айтыла бермейтін армиядағы зорлық-зомбылық тақырыбын көтереді. Көрме көркемдік және қоғамдық пікірге айналды, армиядағы жүйелі өзгерістердің қажеттілігі мен адам құқықтары туралы пікірталасты ашты. ""Тыныштық үндері"" азаматтық батылдық әрекетіне айналды, онда өнер есте сақтау және зорлық-зомбылыққа қарсылық таныту кеңістігіне айналды. Көрмеге барлығы 140 адам қатысты.