Тарих
Skip to main content

Қазақстанның жастар
ақпараттық қызметі

Біз адам құқықтарын үйретіп, жастардың азаматтық белсенділігін дамытамыз. Бұл әділ қоғам мен демократияны дамытуға көмектеседі деп сенеміз.

Мұнда сіз өзіңізге пікірлестер мен тәлімгерлерді таба аласыз, адам құқығын қорғауды үйренесіз және Қазақстандағы құқық қорғаушылар қауымдастығына қосыласыз.

Біз не береміз?

Ақпарат

Youth.kz сайтында адам құқықтары мен демократиялық институттардың жай-күйі туралы айтып, пайдалы құқықтық нұсқаулар беріп, қоғам дамуының үздік тәжірибелерін көрсетеміз.

Білім

Біз тұрақты түрде адам құқықтары мен адвокатура, мемлекеттік саясат, сайлауды бақылау, фактчекинг және ақпараттық гигиена бойынша тегін тренингтер мен мектептер өткіземіз

Тәжірибе

Біз сіздерге жеке жобаларыңызды іске қосуды үйретеміз, жастардың әлеуметтік бастамаларына тәлімгерлік көрсетеміз. Жетекші құқық қорғау ұйымдарында және тәуелсіз медиада тағылымдамадан өтуді ұйымдастырамыз.

Қорғау және желі

Жастарға саяси және білім беру құқықтарын қорғауға көмектесеміз. Түлектер желісін қолдап, Қазақстанда және әлемде сарапшылар мен тәлімгерлерді іздеуге көмектесеміз.

Пікірлер

  • "Мен ZhasCamp қоғам алдында тұрған барлық мәселелер мен қиындықтарды шеше алады деп отырған жоқпын, бірақ мұндай жайттардың пайдасы зор. Жастардың дайын шешімдерді шындық ретінде қабылдап қана қоймай, ойлана алуы, өз бетінше әрекет етуі және еркін таңдау негізінде біріге білуі өте маңызды. ZhasCamp – бұл ойын айту еркіндігіне, бас қосу еркіндігіне, бірігу еркіндігі мен кейіннен бірлесіп әрекет ету еркіндігіне арналған алаң. Сондықтан, бұл қоғамның дамуының қалыпты, қалтықсыз табиғи формасы және мұндай форманың бары өте жақсы".


    Евгений Жовтис
    Құқық қорғаушы, ZhasCamp конференциясының спикері
  • "Мен жалпы жастарды жақсы көремін. Олар армандап, алдарына жоспар қоя біледі және оларға қол жеткізуден қорықпайды, шекараны бұзады, ал оған батылдық қажет. Мен ZhasCamp-тан дәл осындай жастарды көрдім. Маған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген өкілдердің болғаны ұнайды. Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген көлемді делегациялардың болғаны өте маңызды. Бұл біздің аймақ, араны шекара бөліп жатса да, бізде біртұтас мәдени кеңістік бар. Жастардың бір-бірімен араласып, әзілдесіп, ойнап-күлуіне жағдай жасалғаны маңызды".


    Айнаш Мустояпова
    Отарсыздануды зерттеуші, ZhasCamp конференциясының спикері
  • "Мен Қазақстанға алғаш рет табан тіредім және жастарда қызығушылық барын көріп отырмын, ZhasCamp бағдарламасы да – жақсы стартап, өйткені олар көптеген адамдармен кездеседі, әртүрлі тақырыптар жайында сөйлеседі, әрине осылай, олар өз тақырыптарын тауып, онымен жұмыс істей алады. Менің тағы бір таң қалғаным - ешкім кешікпеді. Грузияда, егер 10-да келу керек десеңіз, он жартымда келеді. Кешікпей келді және белсенді, сұрақтар қояды – маған бұл қатты ұнады, мен олар өздері қалаған нәрсеге қол жеткізе алады деп ойлаймын".


    Гиорги Маржанишвили
    Грузия, құқық қорғаушы, ZhasCamp конференциясының спикері
  • "Бұл конференцияны жағдайға бей-жай қарамайтын адамдар ұйымдастырады. Өкінішке орай, мен көз болсын деп өткізілетін көптеген конференцияларды көріп жүрмін және ZhasCamp-та бәрі өзім күткендей болғанына өте қуаныштымын. Креативті индустриялар мен әлеуметтік кәсіпкерлік саласында ОА үшін түйісу нүктесін табуға көптеген мүмкіндіктер бар. Мұны дәстүрлі секторларда жасау біз үшін әлдеқайда қиын. Өзімнің естігеніме, мен сөзсіз үн қаттым, бұл мен қуана-қуана айтатын нәрселер".


    Данияр Аманалиев
    Қырғызстан, кәсіпкер, ZhasCamp конференциясының спикері
  • "Бәрі де өте әдемі, жас, көздерінде ұшқын бар, олар үшін қызықты. Ертерек тұрып, Қырғызстанда қыздардың спутникті қалай жасап жатқанын тыңдауға келді. Болмаса менің сессиямды тыңдауға келді. Сондықтан мен ұйымдастырушылар шақырған кезде, қоғамда Әлемді өзгертетін 5% адам бар деген белгілі теория бойынша осы жерге тап болған адамдарды көру үшін үнемі келуге келісемін және маған олардың кем дегенде 3% осында жүргендей болып көрінеді".


    Зарина Ахматова
    Журналист, ZhasCamp конференциясының спикері
  • "Тамаша бастама, өте жақсы, жас және ақылды қатысушылар. Өздерінің айналасына комьюнитиді жинайтын ЖасКэмп, МОС, Ololo секілді ұйымдар мен бастамашыл адамдар қажет, өйткені қауымдастықтар мен айналасында пікірлес адамдар болған кезде, адамның, әсіресе жас адамның өзін қандай да бір үлкен іске берілгендігін сезінуі өте маңызды".


    Одыл Мухамедов
    Өзбекстен, кәсіпкер, ZhasCamp конференциясының спикері
  • "Пікірталастың басында мен осы аудиторияның нешеуі феминист екенін сұрадым да, шамамен үш адам қол көтерді. Бұл өте қызық, өйткені тіпті көзбен шолып қарағанда да ол адамдар бөлектеніп тұрды, олар басқалардан ерекшеленді. Яғни олар киім кию әдісі, мінез-құлық арқылы үйреншікті стереотиптерді бұзуға тырысады. Яғни белгілі бір топ гендерлік тепе-теңдік үшін күресуде және олардың саны мен де осы жаста болған кездегі осындай жастар ортасындағыдан әлдеқайда көп".


    Сауле Мектепбаева
    Құқық саласындағы сарапшы, ZhasCamp конференциясының спикері
  • "ZhasCamp-тан келер басты пайда – бұл еріктілер жобасы, оның ізгі мақсаты - жастармен жұмыс жасау. Бұл жалпы мақсат деңгейінде жастар өздерінің кәсібилігі мен білім деңгейін арттырып, өздерін елдің азаматтары ретінде сезіне білуі үшін жас буынды басқа кәсіби тауашалар мен демографиялық топтардың өкілдерімен жақындастыру жолындағы ұмтылыстың мысалы. Бұл кез келген мемлекет қауіпсіздігінің маңызды элементі, осы бір мемлекетте жастардың өзін елмен теңдестіріп, күш-жігерін осы елді көркейтуге жұмсауға дайын болуы".

    Досым Сәтбаев
    саясаттанушы, ZhasCamp конференциясының спикері
  • "Қазіргі жастар бізден көш алға кеткен. Олар оқиды, көреді, жаңа медиамен тығыз байланыста. Мен сабақ беремін, сондықтан студенттер, жастар арасында әділеттілік деген не екенін, біздің неге мұндай екенімізді түсінуге ұмтылыс барын көремін. Бұл маған үміт береді. (...) ZhasCamp-тың бар болғаны қандай жақсы, мен бұл іс-шараға 3 жылдан бері жыл сайын қатысып жүрмін, контент те, қатысушылардың сапасы да жақсарып келеді. Әрине, олардың саны да артуда".

    Молдияр Ергебеков
    Медиа сарапшы, ZhasCamp конференциясының спикері
  • "Парламентке жасалатын экскурсиялар – Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметінің маңызды жобасы. Қазір, өңірлерде жұмыс істей жүріп, мен адамдардың Парламент деген не екені, депутаттардың кім екені, олардың міндеттері қандай екені, олардың не үшін жұмыс істеп, олармен қалай қарым-қатынас жасауға болатыны тұрғысынан мүлдем хабарсыз екенін, тіпті түсіне бермейтінін көріп жүрмін. Жастар Парламентке барып, бұл құрылымның қалай жасалғанын көргенде, әрине, болашақта мұндай өзара қарым-қатынас жолға қойылмақ".


    Ирина Смирнова
    Мәжіліс депутаты

Барлығы неден бастау алды?

1998 жылы Алматы жоғары оқу орындарының студенттері "студенттер - жеңілдік жолақыны қолдайды" науқанын бастады:

Студенттер - жеңілдік жолақыны қолдайды

1998 жылы студенттер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, білім алушыларға қоғамдық көліктерде 50 пайыздық жеңілдік енгізуді талап етті. Оларды өзге де қала студенттері қолдап, көп ұзамай жергілікті атқарушы органдар қала бюджетіне жеңілдікпен жол жүруді енгізді. Сонымен қатар бұл талап "Жастар саясаты туралы" заңға енгізілді. Науқан сәтті өтіп, топ өзге де құқықтарды қорғауды жалғастыруға шешім қабылдады. Олар студенттерді тағы қандай мәселелер толғандыратынын зерттеп, "Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі" қоғамдық қорын ашты.

Студенттер – жаңа келісімді қалайды

2000-2001 жылдары ҚЖАҚ және оның 15 қала студенттерінен жиналған алғашқы желісі ақылы негізде оқыған студенттер үшін ЖОО шарттарын заңдық толықтыру қажеттігін мәлімдеді. Бұған дейін құқықтар ЖОО-да, ал міндеттер студентте ғана болатын. Науқан нәтижесінде 17 қазақстандық ЖОО ақылы оқуға арналған оқу шартының жаңа моделін қабылдады.

Студенттер - ЖОО-дағы үздік сервис үшін

2003 жылы ҚЖАҚ жоғары оқу орындарында қызмет көрсету сапасын арттыру (аудиториялар мен жатақханаларды жөндеу, асханаларда тамақтану сапасын жақсарту, дәретханаларды жөндеу, сабын мен дәретхана қағазының болуы) үшін үгіт-насихат науқанын жүргізді. Осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстанның бірнеше жоғары оқу орындары мен жатақханаларында күрделі жөндеу жүргізілді.

Жастар саясаты туралы заң

Жастар мәселесін шешуді жүйелеу үшін ҚЖАҚ Білім министрлігіне жастар саясаты туралы заң әзірлеп, қабылдауды ұсынды. Осы жұмысқа араласа отырып, ҚЖАҚ құжатқа бірқатар маңызды ұсыныстар жасап, сонымен қатар тәуелсіз жастар ұйымдарын мемлекеттің тікелей басқаруын алып тастады. Жастар саясаты туралы заң 2004 жылы қабылданды.

Біздің жобалар

ZhasCamp конференциясы

2010 жылдан бастап жастардың әлеуметтік бастамаларына арналған бейресми конференция Қазақстан мен Орталық Азияда өтуде. Біздің мақсатымыз: жастарды әлеуметтік белсенділікке тарту, желілер құрып, әлеуметтік дамудың үздік тәжірибелерін тарату. Сондай-ақ, алаңда жастарға өз жобасын іске асыруға көмектесетін акселератор мен тәлімгерлер жұмыс істейді. Конференция жылына бір рет күзде өткізіледі.

Адам құқығы мектебі

Қазақстанда жас құқық қорғаушыларды тәрбиелейтін оқыту алаңы 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Біз адам құқықтары тұжырымдамасының негіздерін үйретеміз, содан кейін осы саладағы халықаралық құқықты және адвокатура деп аталатын адам құқықтарын қорғау технологиясын терең зерттейміз. Мұнымен қоймай, құқық қорғау бастамаларына арналған шағын гранттар ойнатылуда. Әр жыл сайын жаз мезгілінде өткізіледі.

Қазақстандық тағылымдамалар бағдарламасы

Қазақстанның құқық қорғау ұйымдарында, тәуелсіз медиа және әлеуметтік жауапты компанияларында ақылы тағылымдамадан өту. Тағылымдама 1-3 апта аралығына дейін созылады. Мұнда олар азаматтық қоғамның қалай жұмыс істейтінін зерттеп, өздерінің әлеуметтік жобасын сынап көреді. Жылына екі рет өтеді: көктемде және күзде.

Жас сайлаушылар лигасы

Сайлауды тәуелсіз бақылау: мұнда біз жастарға сайлау туралы заңды үйретеміз, сонымен қатар сайлаушылар ретінде қандай құқықтарымыз бар екенін түсіндіреміз. Мұнымен қоймай, жоғары оқу орындары мен колледждерде дауыс беруді бақылап, жастардың сайлау құқықтарын қорғаймыз. Жоба әр сайлауда, краудфандинг қаражатына жұмыс істейді.

Азаматтық құқық мектебі

Белгілі қазақстандық саясаткерлермен, саясаттанушылармен, журналистермен, экономистермен, мәдениет және білім қайраткерлерімен дәрістер мен мастер-класстар сериясы. Мұнда біз саясат пен негізгі адам құқықтарын талдаймыз. Мектеп бір айға созылады, жылына бір-екі рет, көктемде және/немесе күзде өткізіледі.

Ашық парламент

Жастардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуы: бұл жобаларда біз еліміздің әр өңірінен келген жас сарапшыларды заң жобаларын әзірлеу технологияларына үйретеміз, Мәжіліс депутаттарымен таныстырамыз және Парламенттің жұмыс топтарына қосылуға көмектесеміз. Жобаға қабылдау үш жылда бір рет жүреді.

Біздің жобалардан хабардар
болыңыз және қолдау көрсетіңіз

Подписка на рассылку

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

КОНТАКТЫ

050008, Алматы, Казахстан, оф. 728, пр. Абая, 52 В, бизнес-центр Bayzak

+7 776 577 2272 (звонки и WhatsApp) Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Мы в соц. сетях

© МИСК, 1998-2024. Все права защищены.