Skip to main content

Егер сізді дауыс беруге мәжбүрлесе, не істеу қажет?

Қазақстандағы әрбір сайлау қарсаңында ғаламтор кеңістігінде сайлаушыларға қысым жасалуы туралы хабарламалар шығып жатады. Әдетте, бұл мемлекеттік қызметкерлер мен студенттерге қатысты: жұмыс берушілер мен оқу орындарының басшылықтары жұмыстан, оқудан немесе жатақханадан шығарумен қоқан-лоқы көрсетіп, сайлауға баруға және белгілі бір кандидатқа дауыс беруге мәжбүр етеді.

Мұндай жағдайда қалай әрекет ету керектігін заңгер Назерке Ризабекова айтып берді.

«Егер азаматтар сайлауға баруға немесе бармауға мәжбүр болса, белгілі бір кандидатқа дауыс беруге, сайлауға қатысу фактісін ерік білдірген сайлау бюллетенінің фотосуретімен растауға, дауыс беретін отбасы мүшелерінің тізімін олардың таңдауын көрсете отырып ұсынуға мәжбүр болса – бұл сайлауға өз еркімен қатысу құқығын бұзу және дауыс беру құқығын еркін жүзеге асыруға кедергі», – дейді заңгер.

Бұл туралы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңның 3-бабының 3-тармағы және ҚР Қылмыстық кодексінің 150-бабы айтады.

Не істеу керек?

"Ең алдымен, бұзушылық фактілерін аудио, фото және бейне арқылы жазуға тырысыңыз, – деп кеңес береді Назерке Ризабек. – Егер бұл мүмкін болмаса, әріптестеріңізбен / басқа студенттермен бірге сіздің сайлау құқығыңызды бұзу туралы ұжымдық акт жасаңыз. Осы материалдармен кезекпен немесе бір мезгілде ұйымыңыздың басшысына, ҚР Білім және ғылым министрлігіне, полицияға шағымданыңыз".

Мемлекеттік органдарға өтінішті электронды қолтаңба арқылы egov.kz порталындағы «Электрондық өтініштер» бөлімі арқылы немесе қағаз түрінде беруге болады. Есіңізде болсын, Сіздің өтінішіңізді тіркеуге және оған нөмір беруге міндетті».

Полицияға өтініш үлгісін мына жерден қараңыз.

+7-777-669-65-00 телефоны бойынша ЛМИ сенім телефонына хабарласыңыз: WhatsApp арқылы қоңырау шалыңыз немесе мәтіндік хабарламалар жіберіңіз. Біз сізге тегін кеңес және заңгерлік көмек көрсетеміз.

Подписка на рассылку

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

КОНТАКТЫ

050008, Алматы, Казахстан, оф. 728, пр. Абая, 52 В, бизнес-центр Bayzak

+7 776 577 2272 (звонки и WhatsApp) Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Мы в соц. сетях

© МИСК, 1998-2024. Все права защищены.