180 Graffiti Production
Skip to main content

180 Graffiti Production

  • 180 Graffiti Production — граффити мен көше қабырғаларына ауқымды суреттер (муралдар) салумен айналысатын шығармашылық топ. 2026 жылы команда Алматыда Көк-Жайлауды сақтап қалуды қолдайтын мурал салды. Бұл аумақта Almaty Super Ski тау шаңғысы курортын салу жоспарланған. Команданың Instagram парақшасындағы туындының астында: «Кейде даму дегеніміз — біз тұрғыза алатын нысандар емес, сақтап қала алатын құндылықтар» деген жазу жарияланған. Авторлар муралдың алғашқы күндердің өзінде боялып, жойылуы мүмкін екенін түсініп, тәуекелге қарамастан бұл мәселеге бейжай қарай алмайтынын және туындыны жүзеге асыру туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Мурал табиғи аумақты сақтау мәселесіне қоғам назарын аударды. Алайда туынды пайда болғаннан бірнеше күн өткен соң оның үсті боялып, сурет өшірілді.

Электрондық жіберілімге жазылу

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Байланыс

050008, Алматы, Казахстан, оф. 728, пр. Абая, 52 В, бизнес-центр Bayzak

+7 708 800 45 04 (Қоңырау шалу мен WhatsApp) Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Әлеуметтік желіміз

© МИСК, 1998-2025. Барлық құқықтар қорғалған