Ayel&Qala
- Ayel&Qala — сәулет, қала құрылысы және урбанистика салаларында еңбек ететін әйелдерді біріктіретін қазақстандық сарапшылар қауымдастығы. Жоба қалалардың дамуына әйелдердің өмірлік тәжірибесі мен қала тұрғындарының күнделікті қажеттіліктері тұрғысынан қарайды. Қауымдастық қауіпсіз, баршаға қолжетімді әрі тұрақты қалалық ортаны қалыптастыруды және Орталық Азия қалаларын дамыту мәселелерінде әйелдердің көзқарасы мен мүддесін ескеруді қолдайды.