OTKIR KUREK MEDIA
- OTKIR KUREK MEDIA — қоғамдық маңызы бар оқиғаларды, саяси үдерістерді, журналистік зерттеулер мен қоғамда қызу талқыланатын мәселелерді жариялайтын тәуелсіз қазақстандық интернет-медиа. Жоба сөз бостандығын қолдап, көпшілік алдында ашық айтыла бермейтін күрделі мәселелерді көтеріп, қоғам назарынан тыс қалып қоятын жайттарды жариялайды. Медиа жұмысының бір бағыты — журналист Назымгүл Құмісбаеваның авторлық әрі жүргізушілік ететін SpecNaza YouTube арнасы. Арнада журналистер мен белсенділерге жасалатын қысым, сондай-ақ сот процестері туралы материалдар жарияланады. Олардың қатарында Санжар Бокаевтың ісіне қатысты сот отырыстарынан репортаждар, Құрылтай мен Үкімет жанындағы журналистерді аккредиттеу мәселелері туралы жарияланымдар бар.