Manshuq Media
- Manshuq Media – заманауи әйелдерге арналған тәуелсіз онлайн-басылым. 2025 жылы редакция елдің дамуына елеулі үлес қосқан әйелдер туралы баяндайтын "Қазақстан тарихындағы әйелдер портреттері" арнайы жобасын іске қосты. Олар ғалым Найля Базанова, жауынгер Қаныкөй, актриса және режиссер Дарига Тналина және басқалар секілді әйел адамдар жайында жазды. Бейнелер мыңдаған қаралымдар жинады. Жоба гендерлік теңдік идеясын нығайтады, жастарды мықты да, дарынды әйелдердің үлгісімен шабыттандырады, тарихи жадыны жандандырады және ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда әйел адамның ат салысуының маңыздылығын көрсетеді.