ITeachMe
- ITeachMe – адамдарды біріктіріп, заманауи кәсіптерге үйрету және өзінің ең жақсы нұсқасы болуға шабыттандыру арқылы әр адамның тең мүмкіндіктерін қалыптастыруға және әлеуетін ашуға бағытталған қоғамдық қор. 2025 жылы қор мүгедектігі бар адамдарға арналған инновациялық идеяларды құруға бағытталған ITMLAB – Хакатон-инкубатор жобасын жүзеге асырды. Жобаның мақсаты - мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетін IT-шешімдерді немесе оңалту құралдарын әзірлеу. Жоба командаларды іріктеу мен қазылар алқасының бағалауын қоса алғанда, бірнеше кезеңмен жүреді. Үздік 10 команда өз жобаларын іске асыруға берілетін 600 000 теңге көлеміндегі грантты және өз идеялары мен прототиптерін әлеуетті инвесторларға ұсыну мүмкіндігін алады.