Teach For Kazakhstan
- Teach For Kazakhstan – білім берудегі теңсіздікті қысқаруға және әрбір баланың қадір-қасиеті мен даралығына құрмет көрсетілетін қауіпсіз ортаны құруға бағытталған бағдарлама. Бастама жас мамандар мен университет түлектерін еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектептерде, әсіресе сапалы білімге деген қолжетімділік шектеулі ауылдық және шалғай жатқан аймақтардағы мектептерде жұмыс істеуге тартады. Бағдарлама балалар үшін рөлдік модель бола алатын, олардың әлеуетін ашуға көмектесетін, тек мұғалім ғана емес, әрі тәлімгер, әрі дос бола алатын көшбасшыларды іздейді. Қатысушылар оқытудың заманауи әдістерін енгізеді, мектеп қауымдастықтарын дамытады, оқушыларды ынталандыруға және сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған үйірмелер, жобалар және іс-шаралар өткізеді. Жоба Қарағанды облысының ауылды жерлерінде жұмыс істеуде.