Аруна Ортаева
-
Аруна Ортаева — қоршаған ортаны қорғау мәселелерін көтеріп жүрген экоактивист. 2026 жылы ол өзінің жеке парақшасында Алматы әкімдігінде өткен жабық кеңесте Қызыл кітапқа енген Көк-Жайлаудағы жабайы алма ағаштарының тағдыры талқыланғаны туралы аудиожазбаны жариялады. Арада екі күн өткен соң, 29 тамызда белсендінің үйінде тінту жүргізіліп, өзі 15 тәулікке қамалды. Әкімшілік қамау мерзімі аяқталғаннан кейін ол әлеуметтік желілерде көрінбей кетті.(Алматы)