Паша Кас
-
Паша Кас — қазақстандық стрит-арт суретшісі. Биыл ол Көк-Жайлауды құрылыс нысанына айналдыруға қарсы пікір білдіріп, осы мәселеге арналған жаңа туындысын жариялады.
Картинада төбелер мен ағаштар бейнеленген табақты ұстап тұрған даяшы және оның үстінен төніп тұрған ірі денелі, ашкөз ер адам бейнеленген. Соңғысы Көк-Жайлауға құрылыс салуды қолдайтын бастамашылардың символдық бейнесі ретінде берілген.
Суретші бұл тақырыпқа 2019 жылы да қалам тербеген. Сол жылы Алматының экологиялық мәселелеріне, ағаштардың кесілуіне және Көк-Жайлаудың жойылу қаупіне арналған «Шағылыс» атты туындысын ұсынған болатын.(Алматы)