Тілек Ырысбек
-
Тілек Ырысбек — қазақстандық режиссер, сценарист әрі ақын. Шығармашылығында көші-қон, ұлттық бірегейлік және қандастардың өмірі тақырыптарын қозғайды.
2026 жылы ол екі деректі фильм түсірді. «Тұрсынхан апа» фильмінде Қытайдан қоныс аударып, Ақши ауылында аяқкиім шеберханасын ашқан әйелдің өмірі баяндалады. Ал «Мечта повара-кандаса» фильмінде Қазақстанға көшіп келіп, азаматтық алғаннан кейін Алматыда дәмхана ашуды армандайтын Ансар Қожанұлының өмір жолы суреттеледі.
Бұл туындылар этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы және жаңа ортаға бейімделу барысында кездесетін қиындықтар секілді маңызды әлеуметтік мәселелерді көтереді. Осы үдерісті күрделендіруі мүмкін жаңа заң жобасы талқыланып жатқан тұста режиссер заңнамалық шешімдердің артында нақты адамдардың тағдыры, еңбегі, үміті және жаңа өмір бастауға деген талпынысы тұрғанына назар аударады.(Алматы)