Нурасхан Басхожаев
-
Нурасхан Басхожаев — стендап-комик, Алматыдағы Central Stand-up Club резиденті әрі психологиялық кеңес беру саласы бойынша диплом алған маман. Ол психология мен стендап жанрын ұштастыратын «ПсихFАК» атты авторлық ағартушылық-комедиялық жобаны жүргізеді.
Нұрасхан басқа комиктермен бірлесе отырып, адам психикасының жұмыс істеу ерекшеліктерін, ойлау мен мінез-құлық дағдыларын қарапайым әрі әзілге негізделген тілмен түсіндіреді. Жобаның мақсаты — көрермендердің өзін және айналасындағы адамдарды тереңірек түсінуіне көмектесу.(Алматы)