
Адам құқықтары мектебі — бұл 2015 жылдан бері жұмыс істейтін Қазақстанда жас құқыққорғаушыларды тәрбиелейтін оқыту алаңы. Біздің мектеп түлектері — адам құқықтары бойынша болашақ тренерлер,қоғам белсенділері, нақты құқықтарды қорғауға арналған адвокациялық және әлеуметтік жобалардың авторлары. Олардың жобалары көбінесе жастардың даму мүмкіндіктері мен жағдайлары, қалалық инфрақұрылым, саяси құқықтар, білім беру тақырыптарын қамтиды.
Жоба Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі арқылы National Endowment for Democracy (NED) қорының қолдауымен жүзеге асырылады.